Алдағы үш күнде Астанада қар жауып, боран соғады

0

Синоптиктер Астанада алдағы үш күнде қар жауып, боран соғатынын болжады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.  5 қарашада Астанада кей жерлерде бұлтты ауа райы сақталады. Түнде және таңертең аздап қар жауып, боран болуы мүмкін.

Жел солтүстік-шығыстан батысқа ауысып, жылдамдығы 3–14 м/с болады. Түнде ауа температурасы –13–15°, күндіз –6–8° төмен болады.

6 қарашада бұлтты ауа райы сақталып, түнде қар, күндіз жауын-шашын – жаңбыр мен қар жаууы мүмкін. Төменгі қабаттағы боран және көктайғақ болуы ықтимал. Жел батыстан соғып, екпіні 20 м/с дейін жетеді. Түнде –5–7°, күндіз –0–2° аяз күтіледі.

7 қарашада бұлтты ауа райы жалғасады, жауын-шашын, төменгі қабаттағы боран және көктайғақ сақталады. Түнде –2–4°, күндіз 0–2° жылы болады. Еске салайық, бұған дейін синоптиктер Қазақстанда қыс қандай болатынын хабарлады. 

Сондай-ақ, жаңбыр, қар, көктайғаққа байланысты 11 облыста жүргізушілерге абай болу ескертілді.