The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықҚоғам

426 отбасы: Астанада үлескерлер алданып қалды

Астана қаласының прокуратурасымен «Оазис», «R-Club» және «R-ClubDeluxe» тұрғын үй кешендерінің үлестік құрылысы бойынша қылмыстық істер сотқа жолданды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Астана қаласы прокуратурасының үйлестіруімен азаматтардың қаражатын үлестік құрылысқа заңсыз тарту дерегібойынша қылмыстық істерді тергеп-тексеру аяқталды.

Іс-әрекеттері 426-дан астам отбасының мүдделеріне 8,2 млрд теңге көлемінде аса ірі залал келтіруге әкеп соққан адамдар тобына қатысты қылмыстық істер сотқа жолданды.

Тергеу барысында қылмыстық схеманы ұйымдастырушылар ҚР заңнамасының талаптарын бұза отырып«Оазис», «R-Club» және «R-ClubDeluxe» тұрғын үй кешендерін салу үшін азаматтардың ақшалай қаражатын тиісті рұқсаттар алмай тартқаны анықталды.

Тартылған ақшалай қаражат көзделген мақсатта пайдаланылмады, ал объектілердің құрылысы тиісті түрде жүзеге асырылмады.

Жәбірленушілердің азаматтық талаптарын қамтамасыз ету мақсатында,соттың санкциясымен жылжымалы және жылжымайтын мүлікке, атап айтқанда 10 пәтерге, 36 жер учаскесіне, 16 тұрғын емес үй-жайға, 49 автомашинаға тыйым салынды.

Күдікті 12 тұлғаларға қатысты «Күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Елорда прокуратурасы азаматтарды пәтер сатып алмас бұрын үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсаттың бар-жоғын мұқият тексеруге шақырады. Бұл алаяқтықтан аулақ болуға және өз құқығыңызды қорғауға көмектеседі.

Ұқсас жаңалықтар

В Алматы усилят контроль за ОСИ и КСК: в 2026 году проведут около 300 проверок

admin

ТҮРКІСТАН: жауынгерлердің әскери дайындығы пысықталды

admin

2026 жылы МӘМС жүйесінде қандай өзгерістер болады?

admin