The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

«ШЫМКЕНТ – 2200: ТУРИСТІК КРЕАТИВТІ ҚАЛА БЕЙНЕСІ» БАЙҚАУЫ ӨТЕДІ

Шымкент қаласының Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының ұйымдастыруымен Дүниежүзілік туризм күніне орай 26-27 қыркүйек күндері «Shymkent 2200: Туристік креативті қала бейнесі» атты форум-көрме өтеді. Іс-шараға өтінімдер 9-20 қыркүйек аралығында қабылданады.

Талантты азаматтарды қолдай отырып, қаланың креативті бейнесін қалыптастыруға бағытталған шара – бәсекелестік қабілетті арттырып, шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуына және туризм саласының өркендеуіне ықпал етеді.

Форум-көрме 6 номинациядан тұрады. Олар:
— Медиа
— IT-жоба
— Креативті архитектура
— Туризм саласындағы креативті қызметтер
— Қала бренды
— Гастрономия (Шымкент дәмі)

Басты талап:
— Жобаның сапасы
— Креативтілік пен өзектілік
— Авторлық жоба (плагиат емес)

Жобалар бейнеролик, макет немесе слайд түрінде қазақ/орыс тілінде презентация және электронды түрде (jpg, pdf, 1080p (FullHD)), бір автордан 3 жобаға дейін қабылданады. Конкурсқа қатысу үшін 8-25 қыркүйек арасында арнайы сайтта орналасқан арнайы анкетаны толтырып, shymkent2020@gmail.com поштасына жіберу қажет. Толық ақпарат алу үшін +7 (701) 102 17 17, +7 (702) 109 17 17 нөмірлеріне хабарласуға болады. Жеңімпаздар сертификаттармен және түрлі бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Жамбыл облысының халқы жаңа әкімнің кабинетіне басып кірді

admin

Сауранда жоғары технологиялы өндіріс дамып келеді: агродрондар шығаратын жаңа жоба іске қосылмақ

admin

Түркістан: Оқушылар сарайында «Айтатын саған сырым бұл» атты поэзия кеші өтті

admin