The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Шөкеев: Түркістан облысында этнос өкілдерінің 92%-ы қазақ тілін жетік меңгерген

Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысында Түркістан облысының әкімі, Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Өмірзақ Шөкеев баяндады. Оның мәлімдеуінше, Түркістан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының 2019 жылғы сессиясында облыста этносаралық қатынастарды қалыптастырудың тұжырымдамасы қабылданған. Тұжырымдаманы іске асыру барысында 2 мыңға жуық өзекті, тұрмыстық негізде туындаған мәселелерге нүкте қойылды. Қазақ тілін этносаралық қатынас тілі ретінде дамыту міндеті аясында 10-нан астам жоба іске асырылды. Барлық қалалар мен аудандарда мемлекеттік тілді оқыту орталықтары жұмыс істейді.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан: Сайрамда көшпелі кино көрсетілім жобасы қолға алынды

admin

Қр Парламенті Мәжілісінің депутаты Аралда болды

admin

Мұз үстіндегі панда: Михаил Шайдоровты Джеки Чан құттықтады

admin