The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

«Қайраттың» қаһарман қақпашысы Темірлан Анарбеков жарақатынан айықты

 «Қайрат» қақпашысы Темірлан Анарбеков үзілістен кейін қайтадан негізгі командамен бірге жаттығуға кірісті. Футболшы жалпы топқа қосылып, командамен бірге қазандағы қарқынды ойындарға дайындалып жатыр, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл айда алматылықтарды үш маңызды матч күтіп тұр:

  • 17 қазан – сырт алаңдағы “Қызылжарға” қарсы ойын;
    • 21 қазан – Чемпиондар лигасы аясында кипрлік “Пафоспен” өз алаңындағы кездесу;
    • 26 қазан – өз алаңында “Астанамен” матч.

Еске салайық, “Қайрат” пен “Ақтөбе” арасындағы ойында қақпашы Темірлан Анарбеков 10-минутта жарақат алып, ауыстырылған болатын. Допқа талас кезінде ойыншының жақ сүйегі сынған болатын. 

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысына ұлттық экономика министрі іссапармен келді

admin

Сырдариядағы қайғылы оқиға: 9 адамның денесі жер қойнына тапсырылды

admin

Роботтар алдағы уақытта хирург-дәрігерлерді алмастыруы мүмкін

admin