The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Құлсарыда 500 үйге электр жарығы берілді

 «Жылыой аудандық электр жүйесі» АҚ басшысы Марат Таңатарұлының айтуынша, тасқыннан кейінгі Құлсары қаласында күніге 60-100 үй электр тогына қосылуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Су тасқынына байланысты, 5 сәуірде Құлсары қаласы бойынша он ықшамауданда жарық өшірілген болатын. Қазіргі таңда су бармаған, құрғақ жерде тұрған 500 үйге электр  жарығы берілді. Жағдайды жедел қалыпқа келтіру мақсатында уақытша трансформаторлар да орнатылуда. Жарықты қалпына келтіру жұмыстарын үйлестіру үшін, Құлсары қаласында тәулік бойына күніге төрт бригада, сегіз арнайы техника жұмыс істеуде» деді,- «Жылыой аудандық электр жүйесі» АҚ басшысы Марат Таңатарұлы.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістандық тағы бір оқушы шетелдің 45 жоғары оқу орнына шақырту алды

admin

ШЫМКЕНТ: Тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға арналған тұтас бір бағдарлама

admin

Шымкент қаласында 1886 аялдама орны бар

admin