The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Маусым біріншілігінің жүйріктері анықталды

Түркістан қаласы Әуесқойлар шағын футбол лигасының «Көктем-Жаз 2022» маусым біріншілігінің жарысы өз мәресіне жетті. Чемпионатқа 64 команда қатысып, жүзден жүйрік шыққандары жеңімпаз атанды.

Лига ойындарының қорытындысына сәйкес “Муслим”, “Marka.kz”, “МФК Город” футбол командалары Республикалық чемпионатқа жолдама алды.

Сондай-ақ, “А”-лигасы бойынша  “СУПЕР ЛИГА” біріншілігінде «Шытты Отырар»,«Тастемір», «Alash NM” ойыншылары келесі маусымда бақтарын сынамақ.

“Б”-лигасында «Бекзат жастары», «Qazsnab», «Allo pizza» футболшылары да ерекше көзге түсіп,жүлделі орындарға ие болды.

Сонымен қатар, “С”-лигасының ойын нәтижесінде “Қарнақ”, “Алаш”, Birlik gold” командалары жеңіске жетті.

“Супер Лига” ойынында «Үздік ойыншы» номинациясымен Әбдікерім Бекболат, “Үздік мерген” Төлебек Мардан, «Үздік қақпашы» Абдукадиров Фарух, «Үздік қорғаушы» номинациясымен Сабыржанов Хусан марапатталды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы диплом және медальмен марапатталды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстандықтар жол-көлік оқиғасын полициясыз тіркей алады

admin

Түркістан: облыстық мәслихат депутаты саурандық екі отбасыға баспана сыйлады

admin

Заңсыз активтер есебінен Ақтөбе облысында жаңа медпункт ашылды

admin