The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықБілім

Мектеп пәндері қысқара ма? Сүлейменова нақты шешім қашан қабылданатынын айтты

 Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, мектеп оқушыларының пәндік жүктемесін қысқарту немесе кейбір пәндерді біріктіру мәселесі қаралып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оқушылар жүктемесі мен пәндердің қысқаруы туралы сұраққа жауап берген Сүлейменова бұл мәселе де күн тәртібінде тұрғанын жеткізді. Ұлттық білім академиясы 1-сыныптан 10-сыныпқа дейінгі жаңа мемлекеттік стандартты әзірлеген, қазіргі таңда ол пилоттық режимде сынақтан өткізіліп жатыр.

Пәндерді біріктіру немесе қысқарту мәселесі бойынша нақты шешім желтоқсан айының соңында қабылданады. Өткен аптада география пәні мұғалімдері мен өзге де пән ұстаздарынан 500-ге жуық өтініш келіп түсті. Сенбі күні солармен кездестік. Барлық ұсыныс-шағым қаралып жатыр, – деді министр.

 

Ұқсас жаңалықтар

Ғалымжан Ильясов қала әкіміне атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді

admin

Жамбыл облысында елдегі пияздың 70 пайызы өсіріледі

admin

Отырарда өзекті мәселелер шешімін тауып келеді

admin