The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Түркістан: мүгедектігі бар 53 бала оңалту бағдарламасымен қамтылды

Түркістан қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде халықты әлеуметтік қорғау бірнеше бағытта атқарылып келеді.

Нақтырақ айтар болсақ, еңбек қатынастарын үйлестіру, аз қамтамасыз етілген азаматтарды әлеуметтік қорғау, мүгедектігі адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер мен техникалық көмекші құралдармен қамтамасыз ету.

Көрсеткіштерге сәйкес, жыл басынан бері 3146 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.

Оның ішінде 2263 отбасы шартты түрде алса, 883 отбасыға шартсыз атаулы көмек үлестірілген.

Одан бөлек, мүгекдектігі бар адамдарға да әлеуметтік қолдау жүйелі көрсетілуде.

Атап айтқанда, 4279 адам оңалтудың жеке бағдарламасымен қамтылды. Бұл биылғы жылғы жоспардың 80,4 пайызын құрайды.

Оңалтудың жеке бағдарламасымен қамтуда 5326 адам өтініш білдіріп, оның 4279 адам қамтамасыз етілді.

Сондай-ақ, үйде әлеуметтік көмек көрсету бағытындағы жасалған жұмыстар да жетерлік.

Көрсеткіштерге сәйкес, жыл басынан бері жартылай стационар жағдайында оңалту бағдарламасы бойынша 53 мүгедектігі бар бала кешенді қызметтермен қамтылды.

Ұқсас жаңалықтар

Отырар: кезекті апарат мәжілісі өтті

admin

ШЫМКЕНТ: Бір тәулік ішінде 5047 адам вакцина алды

admin

Ипотеканы қай кезде алған дұрыс – Ұлттық банк басшысының кеңесі

admin