The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Түркістан: «ТҰРАН-19» командасының қарсыласы анықталды

Былтыр футболдан жастар командалары арасындағы Қазақстан чемпионатында Түркістанның «Тұран-19» командасы сенсация жасап, Қазақстан чемпионы атанған болатын. Ел чемпионына УЕФА жастар чемпиондар лигасының жолдамасы берілді.

Соңғы 7 жыл бойы «Қайрат» пен «Астана» командалары ғана жеңімпаз атанып, чемпиондар лигасына кезек-кезек қатысып жүретін. Бұл «дәстүрді» «Тұран-19» командасы бұза білді. Ел намысын қорғайтын Түркістанның «Тұран-19» командасы жастар арасындағы чемпиондар лигасының бірінші кезеңінде Молдованың «Шериф» клубымен кездеседі. Алғашқы ойын 4 қазанда Шымкентте өтсе, қарымта кездесу 25 қазанда Тирасполь қаласында өтеді.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында жылдық қуаты 300 мың тонна мыс балқытатын зауыт салынады

admin

ШЫМКЕНТ: 32 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған

admin

​Балқаштың су деңгейі 12 см-ге көтерілді

admin