The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Түркістанда Шойбек Орынбайдың 70 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті

Бүгін «Фараб» кітапханасында жазушы Шойбек Орынбаймен «Өмір деген осындай…» атты кездесу кеші өтті. Әдеби мазмұнды кешке облыстық мәдениет және туризм басқарма басшысының орынбасары Әділ Қонысбеков және зиялы қауым өкілдері қатысып, кеш иесіне ізгі тілегін білдірді.

– Өздеріңізге белгілі, қазір Түркістанда руханиятқа, өнерге айрықша көңіл бөлінуде. Жаңа өнер ұжымдары құрылып, өңірімізден шыққан тұлғалардың шығармашылық кештері өткізіліп жатыр. Соның айқын дәлелі – бүгінгі ағамыздың шығармашылық кеші, – деген Әділ Нұржанұлы кеш иесіне құрмет көрсетті.

Шығармашылық жиынға арнайы қонақ болған зиялы қауым өкілдері және жары жазушының өмірі мен өнері туралы естеліктерімен бөлісіп, жиналған қауымға мазмұнды әңгімелерін баяндады.

Кеш барысында «Балалар мен жасөспірімдер» орталығының «Көркем сөз» үйірмесінің оқушылары ақынның шығармашылығынан үзінділер оқыды. Дара тұлға жайлы бейнетуынды көпшілік назарына ұсынылды.

Ұқсас жаңалықтар

Митингілерді ұйымдастыру мен өткізудің өзіндік тәртібі бар

admin

Қазақстанда сиыр еті тапшы ма?

admin

Өзбекәлі Жәнібековке арналған дәстүрлі көрме жалғасын тапты

admin