Арыс: спорт алаңы ауыл әкімдігінің меншігіне өтетін болды

0

Жиделіде өткен кездесу кезінде ауыл тұрғындары елді мекенде орналасқан спорт алаңын қанттай қып жөндеп, есігіне құлып салып, пайдалану режимін қатаң қадағалау жөнінде ұсыныс айтқан еді. Оған Арыс қаласы әкімінің міндетін уақытша атқарушы әрі қала әкімінің орынбасары Ерғали Қуандық пен жергілікті әкімдік өкілдерінің жауабы дайын болып шықты.

Алдымен сөз алған қала әкімінің орынбасары спорт алаңының есігіне құлып салу дұрыс болмайтындығын ескертті.

«Қазіргі кезде Жиделі ауылының орталығындағы спорт алаңшасы Арыс қаласы әкімдігінің меншігінде. Біз енді бұл нысанды Жиделі ауылдық округінің балансына өткіземіз. Содан соң, оған ауыл әкімдігі тікелей жауапты болады. Оны күтіп ұстау мен тиімді пайдалану тетіктерін ауыл әкімі мен жергілікті тұрғындар өзара келісе отырып шешетін болады», – деді Ерғали Омарұлы.

Айта кетейік, кездесуде ауыл тұрғындары су мұнарасының мәселесі мен ескі балабақшаны күрделі жөндеуден өткізу, электр бағаналарын жаңарту, медициналық жедел жәрдем мәселесін көтеріп, сала мамандарынан тиісті жауап алып, ашық пікір алмасты.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ