Кентауда өрт-тактикалық жаттығуы өткізілді
Тілсіз жаудың алдын алған жөн. Бүгін Кентау қаласы Төлеби көшесі №59А көпқабатты тұрғын үйге шартты өрт – тактикалық оқу жаттығу ұйымдастырылды. Оқу жаттығуға 2 өрт сөндіру автокөлік 1 өрт авто сатысы және жеке құрам 10 адам қатысты.
Оқу жаттығудың мақсаты өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамының дағдыларын практикалық пысықтау және қала тұрғындарын төтенше жағдайлар орын алған кезде іс-әрекетін үйретіп көрсету.
Оқу жаттығу кезінде көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, тұрғындар далаға шығарылды. Іште қалып қойған жас бала мен орта жастағы азамат құтқарылды. «Мұндай оқу-жаттығулардың кәсіби шеберлікті арттыруға ықпалы мол. Оқу-жаттығу өз деңгейінде өтт. Алдағы уақытта да өз жалғасын табатын боладыі», деді – Кентау қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы С.Төлегенов
Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі