Ордабасы аудан жастары Арыс өзені жағалауын қоқыстан тазартты
«Тазалық-денсаулық кепілі» ұранымен Арыс өзенінің Қажымұқан ауыл округіне қарасты аумағында сенбілік іс-шарасы өтті.
Тазалық жұмыстарына ауданымыздың 50-ге жуық жас еріктілері өзен жағалауын күл-қоқыстан, тұрмыстық қатты қалдықтардан тазартты.
Осылайша өзен бойындағы 4 шақырымға жуық аумақтан қоқыс қалдықтары жиналып, арнайы қоқыс полигондарына жеткізілді.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі