Түркістандық Алихан – халықаралық жарыста жеңімпаз

0

Бүгін дзюдодан VII-ші «ДЕТИ АЗИИ» Халықаралық спорттық ойындарының үшінші орын иегері – Алихан Нұрланұлы елге оралды.

Ресейде өткен халықаралық жарыстан бөлек, чемпион Тайландтың Бангкок қаласында өткен Азия чемпионатында да үшінші орын алған.

Спортшыны күтіп алуда сөз сөйлеген қала әкімінің орынбасары Ерлан Бақытжанұлы “Жоғары спорттық шеберлік көрсетіп, қажымас қайрат танытып, халықаралық жарыста еліміздің көк байрағын желбіретіп жүрген Сіздей жастар әрқашан да біздің мақтанышымыз! Жеңісті де жемісті күндеріңіз көп болсын!”деп, қала әкімінің арнайы алғыс хаты мен сыйлығын табыстады.

Назымханов Алихан – 2006 жылы Түркістан қаласында туылған.

Бүгінге дейін жас спортшы дзюдодан жасөспірімдер арасында өткен Қазақстан Республикасы чемпионатында екінші, Ташкент қаласында өткен дзюдодан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия кубогының үшінші орын иегері атанған.


ПІКІР ЖАЗУ