Кентау қалалық орталық ауруханасының бас дәрігері қызметіне тағайындалды
Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы М.Пашимовтың бұйрығымен , Кентау қалалық орталық ауруханасы байқау кеңесінің 2022 жылғы 5-тамыздағы №362 ұсыныс хаты негізінде Утебаев Асылбек Бахытбекұлы Кентау қалалық орталық ауруханасының бас дәрігері қызметіне тағайындалды.
Утебаев Асылбек Бахытбекұлы 05.05.1983 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласында дүниеге келген. 2006 жылы Қарағанды Мемлекеттік Медицина Академиясын «Педиатрия» мамандығы бойынша тәмәмдаған. Орталық Азия Инновациялық Университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген. Экономика ғылымдарының магистрі.
ҚОСЫМША БІЛІКТІЛІГІ:
2006 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы, балалар хирургы бойынша интернатура, 2007жылы Алматы мемлекеттік дәрігерлердің білімін жетілдіру институты – «Балалар анестезиологиясы және реаниматологиясы» (қайта даярлау), 2018жылы Новосибирск мемлекеттік медицина университеті – «Актуальные вопросы педиатрии на амбулаторном и стационарном этапах»2018 жылы «Оқу-консалтингтік орталық ЖШС «QAZ – ЛИДЕР КАЧЕСТВА» – «Қоғамдық денсаулық сақтау» (қайта даярлау), 2018 жылы – Республикалық медицина академиясы ОҚО филиалы – «Педиатриядағы инновациялық технологиялар», 2019жылыID-GROUP кәсіпкерлік және басқару халықаралық академисы «ШЖҚ жағдайындағы денсаулық сақтау менеджменті. Корпоративті басқару негіздері», 2020 жылы Дәрігерлерді дипломнан кейінгі оқыту аймақтық институты – «Анестезиологиядағы инновациялық технологиялар» 2021 жылы Инновациялық даму корпорациясы, Нұр – Сұлтан қаласы – «Балалар анестезиологиясы мен реаниматологиясының өзекті сұрақтары» 2021жылы – Стамбул, Истине Университеті – «Аурухана менеджменті» мамандықтарын қосымша тәмәмдаған.
ЕҢБЕК ЖОЛЫ:
27.08.2007ж. Кентау орталық қалалық ауруханасы, балалар анестезиолог – реаниматолог дәрігері.
09.06.2016ж. Кентау орталық қалалық ауруханасы, балалар бөлімшесінің меңгерушісі.
01.02.2019ж. Кентау орталық қалалық ауруханасы бас дәрігерінің медициналық қызметтің сапасын бақылау жөніндегі орынбасарының м.а.
15.04.2021ж. Кентау орталық қалалық ауруханасы бас дәрігерінің медициналық қызметтің сапасын бақылау жөніндегі орынбасары
28.04.2022ж. Кентау орталық қалалық ауруханасы басшысының м.а. қызметтерін атқарған.
Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі