Кентау: қаладағы құрылыс жұмыстары бақылауда

0

Қала әкімі Рашид Аюпов құрылысы қарқын алған Шұғыла мөлтек ауданындағы жүргізіліп жатқан инфрақұрылым құрылыс барысын бақылады. Бүгінде №6, №7, №8 көшелерінің инженерлік инфрақұрылым құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарымен жол бөлігі бойынша бас мердігер мекеме «ПК Шымкентдорстрой» ЖШС-гі анықталып, тиісті жұмыстарды атқаруда.

Қазіргі таңда, №6, №7 көшелерде жерге орналастыру жұмыстары толығымен аяқталып, жолдың орындарын тегістеу жұмыстары басталған.

Қала басшысы мердігер мекемеге құрылыстың уақытылы, әрі сапалы жүруі қатаң бақылауда болатынын ескертті. Құрылыс жұмыстарын ұдайы қадағалауды тиісті сала басшысына тапсырды.

Сондай-ақ, Ш.Уәлиханов көшесінің бойында орналасқан 10 көпқабатты тұрғын үйінің ішкі көшелеріне 1.1 шқ құрайтын автомобиль жолына «Тас жол» ЖШС мердігер мекемесі тарапынан орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта асфальт төсеу және жарық бағаналары орнатылуда.

Құрылыс барысын бақылаған қала басшысы бірқатар кемшіліктерді сынға алып, жол жөндеу жұмыстарын апта соңына дейін аяқтауды тапсырды.

Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ