Кентауда «AGROEL.KZ» жобасын жүзеге асыру жұмыстары әзірленуде

0

Кентау қаласының әкімі Рашид Аюпов  «Sifro» компаниясының өкілдерін қабылдады. Кездесу барысында «AGROEL.KZ»  жобасын  жүзеге асыру жұмыстары талқыланды. Бұл қосымша тұрақты бағамен өнім сатып алуға және тікелей сауда-саттықты арттыруға мүмкіндік береді. Өнім өндіруші өз тауарын осы қосымша арқылы тікелей сатылымға шығарып, уақытын тиімді пайдаланады.

Рашид Абатұлының тапсырмасына сәйкес, Кентау қаласы бойынша ауыл шаруашылығын дамыту және агрокәсіпкерлерді қолдау мақсатында  «AGROEL.KZ» жобасы іске қосу жоспарланған. Қазіргі таңда, жобаны іске асыратын мердігер компания жұмыстарын аяқтау үстінде  Сондай-ақ агрокәсіпкермен тұтынушы арасында кепілдіктің  барынша сақталуы мақсатында сақтандыру компаниялырымен  заңнамалық  құжаттарын әзірлеуде.

Бүған қоса, Кентау қаласында I-SHANYRAQ  жүйесі іске асырылмақ. Ол қаланы орталықтандырылған басқару жүйесі, яғни адамды тану және қашықтан басқару технологиясына негізделген.

Бұл жоба арқылы:

1)Қоғамдық қауіпсіздік(құқық бұзушыларды іздеу, жоғалған адамдарды  іздеу, жетілдірілген сараптама);

2)Білім беру мекемелерінде(қауіпсіздік, жұмысты оңтайландыру, ыңғайлылық);

3)Бұзушылықтарды тіркеу (камералар арқылы  түрді тану құқық бұзушылықтарды анықтау және оған айыппұл салу) секілді жайттар анықталатын болады.

Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ