Арыс: қала күні – халық күткен мереке
Арыс қаласындағы «Әл-Фараби» атындағы орталық алаңда қала күніне орай мерекелік концерт өтті.
Арыс қаласының «қала» статусын алғанына 66 жыл толуына орай ұйымдастырылған жалпыхалықтық шараға қала әкімі Гүлжан Құрманбекова мен қала әкімдігінің өкілдері, салалық ведомстволардың жетекшілері мен мамандары және қала тұрғындары қатысты.
«Арысым – алтын бесігім» тақырыбымен өткен салтанатты шара аясында қаланың дамуына айрықша үлес қосқан бірқатар азаматтар құрмет-қошеметке бөленіп, марапатқа ие болды.
Атап айтқанда, 10 азамат өз ісінің үздік маманы әрі қаланың дамуына қосқан өлшеусіз үлесі үшін Арыс қаласының «Құрметті азаматы» атанса, тағы 15 жерлесіміз «Арыс қаласының дамуына қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды.
Сонымен қатар, елімізге белгілі мәдениет қайраткері, Арыс қаласының «Құрметті азаматы» әрі жерлесіміз Ербол Байырбековтің ұйымдастыруымен мерекелік концертте «Шаншар» әзіл-ысқақ театры мен қазақстандық танымал эстрада жұлдыздары өнер көрсетті.
Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі