Шардара: Ауыл шаруашылығы бойынша семинар өтті
Бүгін ауданда кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы салаларын қолдау мақсатында Сүткент ауылдық округiнде семинар өтті.
Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиев, облыстағы қаржы даму ұйымдары және компания өкiлдерi, қала, ауылдық округердiң әкiмдерi, мекемелер мен кәсіпорын басшылары, Ұлттық кəсiпкерлер палатасы өкiлдерi, ауыл шаруашылығы өндірістік кооператив төрағалары (АӨК), аудандағы қала/ауыл округтерiндегi ауыл шаруашылығы тауарын өндірушiлер мен кәсіпкерлер және БАҚ өкiлдерi қатысты.
Семинар барысында негізінен күн тәртібіндегі Сүткент ауылының əлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша ауыл әкiмi Қ.Кенбай баяндама жасады. Сонымен қатар,
«Агро бизнес Қазақстан » ЖШС өкілі Бектемісов Ғани, Sevalo engineering machinery компаниясы өкілі Төленов Берік және калифорниялық әдіспен шұбалшаң өсіріп, табиғи биогумус өндіру технологиясы бойынша Нұржанов Бақытжан баяндама жасады.
Баяндамашылар негізінен ауыл шаруашылығын қаржыландыру, жеңілдетілген несие, тиімді түрде заманауи техника алу, дақылға қажетті тыңайтқыштардың сапасы мен бағасы және өзге де диқаншылыққа байланысты мәселелер көтеріліп, ұсыныстар айтылып, оларды шешу жолдары талқыланды.
(с) Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі