Өзекті мәселелер талқыланды

0

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ержан Құдайберген Төлепұлы ауданымызға жұмыс сапары барысында аудандық «Қоғамдық кеңес» мүшелері  және жеке кәсіпкерлермен кездесті.

Кездесуге аудан әкімі Нұрлан Байғұт, облыс мәслихатының депутаты Өркен Есей, аудан әкімінің орынбасарлары, қоғымдық кеңес мүшелері мен бұқаралық ақпарат құрал өкілдері қатысты.

Ашық, сұрақ-жауап форматында өткен кездесу барысында аудан аумағындағы өзекті мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, соңғы жылдары түйіткілді мәселе болып отырған канал құрылысы, бүгінгі таңдағы азық-түлік қымбатшылығы мен жанар-жағармайдың тапшылығы, медицина, әлеуметтік саладағы кемшіліктер мен бала тәрбиесі, интернет пен жеңілдетілген пайыздағы несие, жайылым мәселесі көтерілді.

Халық қалаулысы әр мәселе қағаз бетіне түсіп, толық зерделеніп, тиісті жұмыстар атқару ұсынысымен салалық министрліктерге жолданатының жеткізді.

Кездесуден соң Құдайберген Төлепұлы аудан тұрғындары мен «Қоғамдық кеңес» мүшелері тарапынан жиі көтерілген өзекті мәселенің бірі құрылысы тоқтап тұрған Боз каналының басында болды.

Бүгінде Түлкібас ауданында дәл осындай 125 шқ құрайтын 13 су нысанының құрылысы мердігер мекеменің салғырттығынан тоқтап тұр. Соның бірі Балықты ауылының 134 га жерін ағын сумен қамтып отырған Боз каналы.

Құдайберген Төлепұлы аталған мәселені Заң талаптарына сай шешуге өз тарапына қолдау көрсететіндігін жеткізді.

Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ