Кентау: қала әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

0

Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов қала тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға  10-нан аса тұрғын келіп, бірқатар арыздары мен ұсыныс-пікірлерін айтты.

Атап айтқанда, атаулы әлеуметтік алу, денсаулық сақтау саласы, мектеп формасы бойынша көмек қажеттілігі, тұрғын үй  және ақылы қоғамдық жұмыскерлерінің айлық жалақысын көтеру секілді ұсынылды.

Қабылдау барысында айтылған әр мәселеге жауапты сала басшыларына тиісті шараларды дер кезінде қабылдап, заң аясында шешу жағын тапсырды.  Сондай-ақ, қала басшысы әр тұрғынның өтініші жіті бақылауында болатынын жеткізді.

Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ