Кершетас ауылында жаңа мәдениет үйі бой көтеруде

0

Бес мыңға жуық халқы бар Келтемашат ауылдық округіне 7 елді мекен қарайды. Соңғы жылдары аталған округте тұрғындар тарапынан жиі көтеріліп келген өзекті мәселенің бірі ауылдық мәдениет үйінің болмауы. Аталған мәселе алдағы уақытта өз шешімін табады. Яғни,биыл округ орталығы Кершетас ауылынан 100 адамға шақталған мәдениет үйінің құрылысы бастау алды. Бүгінгі таңда мәдени нысан түсетін орынның жері тегістеліп, котлованы қазылуда. Нысан 2023 жылға өтпелі. Осы және басқа да округ аумағындағы атқарылып жатқан жұмыстар барысын бақылау мақсатында аудан әкімі Нұрлан Байғұт  жауапты мамандармен бірге аталған округте іссапармен болып, аралады.

Бірінші кезекте мәдени ныснанның құрылысында болған аудан басшысы жауапты мердігерге жұмысты мерзімінен кешіктірмеу мақсатында ескерту жасап, жауапты бөлімге қатаң қадағалауда ұстауды тапсырды. Содан соң аудан басшысы күрделі жөндеуден өтіп жатқан Жандарбеков мектебіне табан тіреп, құрылыс жұмыстарының сапасын бақылады.

Кершетас ауылында орын тепкен мектепте 458 оқушы білім алады. Көп жылдан бері жөндеуді қажет ететін нысанның бүгінгі таңда әрлеу жұмыстары мен қатар, есік пен едендерін ауыстыру, жылу, желдету(вентелация), кәріз(конализация) жүйелерін ауыстыру-жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, күрделі жөндеу барысында білім ордасының шеберханасы да толық жөндеуден өтіп, алды абаттандырылып, айналасына толық асфальт жабындысы төселеді. Мектептің ішкі әрлеу жұмыстары жаңа оқу жылына толық аяқталып, пайдалануға беріледі деп күтілуде. Ал, сыртқы жұмыстары қыркүйек айының орта тұсында аяқталмақ. Нұрлан Мархабатұлы нысанды жауапты мердігермен бірге толық аралап, анықталған кемшілік тұстарын ретке келтіруді тапсырды. Бұдан соң аудан басшысы округ аумағында өткен жылдан өтпелі болып жүзеге асып жатқан КХ-71 облыстық маңызы бар авто жолының жұмысын бақылады.

Округтың арғы басынан, аяғына дейінгі 26 шақырымды алып жатқан жолдың бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары 85 пайызға аяқталып отыр. Яғни, қазіргі таңда екі қабат болып төселу керек асфальт жабындысының бірінші қабаты толығымен аяқталып, екінші қабатының 11 шақырымы төселіп қойған. Бұдан бөлек елді мекендер аумағындағы 6,4 шақырымына аяқ жол салынған. Аталған мәселе де округ тұрғындары тарапынан көтеріліп келген өзекті мәселенің бірі болатын. Бүгінде міне өз шешімін тауып жатыр.

Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ