Созақ ауданында экологиялық акция аясында сенбілік өтті

0

Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министірлігінің қолдауымен «Eurasian Eхpert Council» қоғамдық қоры «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» гранты аясында «Қазақстан Республикасындағы Қоғамды кеңестерді дамыту» әлеуметтік жобасын жүзеге асыру іс-шаралары бойынша Созақ аудандық Қоғамдық кеңесінің Әлеуметтік саланың дамуы жөнінде, экологиялық ахуал және азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету бойынша комиссияның ұйымдастыруымен «Экология және қоршаған орта сапасы» тақырыбында апталық жоспар бекітілген. Осы жоспар аясында Созақ ауданы бойынша «Таза Like» сенбілік акциясы ұйымдастырылды. Акцияға аудан аумағындағы ауыл округ, кенттің 370 тұрғыны қатысып, көше бойлары, жаяу жүргіншілер жолдары, өзен мен бұлақ жағалауларын тазалауға белсене атсалысты. Жалпы тазалық акциясы аясында  аудан бойынша 30 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.

​Апталық аясында;

  1. Созақ ауданы тұрғындары арасында «Таза Like» сенбілік акциясы;
  2. Аудан аумағында қоқыс полигондарына мониторинг жасау;
  3. Созақ ауылындағы тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап жинайтын кәсіпкердің жұмысымен танысу;
  4. Қоршаған ортаны таза ұстау мақсатында аудан тұрғындарына үнпарақтар тарату;

ПІКІР ЖАЗУ