Мақтаарал: тәжік ағайындар қазақ еліне алғысын білдірді

0

Мақтаарал ауданы, Жаңажол ауылдық округіне қарасты тәжік ағайындар тұратын Фердауси ауылының тұрғындары күллі Қазақ еліне арналған арнайы ас беріп, құран бағыштады.

2020 жылы Өзбекстандағы Сардаба су қоймасының апатқа ұшырауы салдарынан Фердауси ауылын су шайып, тұрғындар әп-сәтте үй-күйсіз далада қалған болатын. Қиын шақта қол ұшын созған отандастарына фердаусилықтардың алғысы шексіз. Еліміздің барлық облысы мен өңірлерінен келген толассыз көмектің арқасында басқа түскен нәубеттен жеңіл құтылып, керісінше Үкіметтің және халықтың қамқорлығымен ауыл бұрынғыдан әлдеқайда көрікті бола түскенін, тіпті 10-20 жылға ерте дамып кеткенін тұрғындар үлкен қуанышпен жеткізуде.

Ауылдың асына алыс-жақын аудандар мен ауылдардан қиын сәтте көмегімен көзге түсіп, елдің жанынан табылған азаматтар шақырылып, әрбіріне жеке дара алғыс айтылды. Сондай-ақ, елдің алдыңғы шебіне шығып, күн-түн демей елдің қызметінде жүрген азаматтарға сый-құрмет көрсетілді. Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, аудан әкімі Бақыт Асанов, “Amanat” партиясы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Бейсен Тәжібаевтар қатысып, ел бірлігін нығайту, ұлтаралық татулықты сақтау жөнінде жақсы пікірлерін айтып, жұдырықтай жұмылғанда ғана басқа түскен қиындықты оңай жеңуге болатынын сөз етті. Бұл орайда Мырзашөлдің егіз баласындай болған Мақтаарал ауданының тұрғындары күні кеше алапат өрттен үлкен көлемде материалдық зардап шеккен Жетісай ауданының саудагерлеріне көмек қолын созу керектігі жөнінде айтылды.

Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ