Ұлы Отан соғысының ардагері Нұрлыбай Қасымбековты еске алуға арналған дәстүрлі турнирдің ақтық ойындары басталды

0

Бүгін ауданымыздың орталық алаңында Ұлы Отан соғысының ардагері, ұлағатты ұстаз «Қазақстан Халық ағарту ісінің озық қызметкері», ауданымыздың «Құрметті азаматы» Нұрлыбай Қасымбековтың 100 жылдық мерейтойына арналған шахмат және футболдан дәстүрлі ХХІ турнирінің финалдық ойындарының ашылу салтанаты өтті.

Спорттық шараның ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Нұрлан Байғұт құттықтау сөз сөйлеп, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында өтіп жатқан шараның ұйымдастырушылары Қасымбековтар әулетіне алғысын білдіріп, аяқдопшылар мен шахматшыларға сәттілік тіледі.   Турнирде аудан бойынша төрт аймақтан іріктеліп шыққан 10 футбол командасы мен шахматшылар өз ара мықтыны анықтамақ.

Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ