БОЛАШАҚҚА ДЕГЕН СЕНІМ МОЛ
”Біз ең басты құндылығымыз – Тәуелсіздігімізді сақтап, ұлттық бірегейлігіміздің негізін нығайтып, елімізді жаңғырту жолында ұйысуға тиіспіз. Бұл болашақ ұрпақ алдында ғы қасиетті борышымыз. Біз әр қадамымызды саралап, таңдаған жолымызбен алға нық сеніммен қадам басамыз. Біз надандық пен ескілікке, радикализм мен масылдыққа, тоғышарлық және тамыры тереңдеп кеткен сыбайлас жемқорлыққа табанды түрде қарсы күресеміз. Әр жүрегі адал, таза азаматтың өз қабілетін жүзеге асыруына барлық жағдайды жасаймыз. Мен азаматтарымыздың ертең емес, бүгін бақытты өмір сүруін қалаймын. Мені ең алдымен халқымның болашағы, қандай болашағы қандай болатыны толғандырады. Ұлы бабалар аманатқа адал болып, оны келер ұрпаққа табыстау – мен үшін қасиетті парыз. Жаңа Қазақстан – жаңару мен жаңғыру жолы, бүгінгі буынның болашақ ұрпаққа аманаты”.
Президентіміздің Қазақстан халқына Жолдауы бізге, еліміздің жарқын болашағына бағыт – бағдар беріп отырғаны жанымызды жадыратып, алдағы күндерімізге деген сенімімізге селкеу түсірмей отыр. Ендеше, Жолдау жүктеген міндет бізден қажырлықты, еңбек сүйгіштік қасиетімізді талап етіп отыр деп мол сеніммен айтуымызға негіз болып тұрғаны даусыз.
Перизат ӘБДІБЕКОВА, Түлкібас әк зауытының директоры, аудандық мәслихаттың депутаты.