Мақтаарал: ауданның жер қатынастары бөліміне жаңа басшы тағайындалды

0

Бүгін Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Нұрбол Саттаров ауданның жер қатынастары бөлімінің қызметкерлерімен арнайы жиын өткізіп, аталған бөлімнің жаңа басшысын таныстырды.

ҚР-ның “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Заңына, “Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы” Заңының 29, 30 баптарына  және 61-бабының 1-тармағының 2-тармақшасына сәйкес, аудан әкімінің өкімімен Мақтаарал ауданының жер қатынастары бөлімінің басшысы болып Мырзамдамов Өсер Тастемірұлы тағайындалды.

Ө.Мырзамдамов 1969 жылы ОҚО, Мақтаарал ауданында дүниеге келген. 1993 жылы Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді ауыл шаруашылығы институтын инженер-механик мамандығы бойынша тәмамдаған. Әскери сыныптық шені – лейтенант.

Еңбек жолын 1993 жылы Киров ауданындағы мақта кеңшарында ауыл шаруашылығы машиналары жөніндегі инженер болып бастады. 1996 жылы Мақтаарал ауданындағы “Ақтөбе” өндірістік кооперативінде инженер-механик болып жұмысын жалғастырған.

2005 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық басқармасында бас маман-мемлекеттік техникалық қадағалау инспекторы міндетін атқарушы болып тағайындалған. Бір жылдан кейін бас маман-мемлекеттік техникалық қадағалау инспекторы болды. Дәл осы жылы бас маман-мемлекеттік инженер инспекторы болып жұмыс істеді.

Кейіннен Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық басқармасының атауы Мақтаарал аудандық аумақтық инспекциясы болып өзгерген болатын.

2013 жылы Мақтаарал ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің бас маманы болып, 2015 жылы дәл осы бөлім басшысының орынбасары болып еңбек етті.

2016 жыл ауданның ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы, 2017 жылы қайтадан бөлім басшысының орынбасары болып жұмысын жалғастырды.

2018 жылдан бастап жаңадан құрылған Мақтаарал ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы, 2020 жылдан бастап ауданның кәсіпкерлік бөлімінің басшысы болып еңбек етті.

2021 жылдың соңынан бастап қазіргі қызметіне тағайындалғанға дейін ауданның ауыл шаруашылығы бөлімінде бас маман болып жұмыс істеген.

Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ