Отырар: Көксарай ауыл округінің әкімі сайланды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» конституциялық заңға өзгерістер енгізуіне байланысты 21 тамыз күні Көксарай ауыл әкімінің сайлауы өтті. Ауыл округі әкімінің сайлауын жергілікті тұрғындар өздері тікелей жасырын дауыс беру арқылы өткізілді.
Сайлау қорытындысы бойынша Көксарай ауыл округінің әкімі болып «Amanat» партиясынан ұсынылған кандидат Әлімжан Қалмұратұлы сайланды. Жаңа басшыны аудан әкімі аппаратының басшысы Айдос Қалдыбайұлы таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
Әлімжан Қалмұратұлы 1993 жылы 23 қазанда Отырар ауданы, Көксарай ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. Еңбек жолын 01.08.2016-01.03.2019 жыл Отырар аудандық Жастар ресурстық орталығының инспекторы қызметінен бастаған. 19.04.2019-06.05.2021 жыл Көксарай ауыл округі әкімі аппаратының бас маманы-салық агенті. 06.05.2021 жылдан б.к.д Көксарай ауыл округі әкімі аппаратының бас маманы-іс басқарушысы қызметін атқарып келді.