Ордабасы: «Мектепке жол – шекарасыз жақсылық» науқандық акциясы өтті
Ордабасы ауданында Республикалық «Мектепке жол – шекарасыз жақсылық» науқандық акциясы өтті.
Темірлан ауылының орталық алаңында таңнан бастау алған іс-шарада мектеп оқушыларының киім үлгісін өндірушілер мен сатушылар, кеңсе тауарлары және мектепке қажетті заттарды сатушылар аудан тұрғындары үшін өз өнімдері мен тауарларын ұсынды.
Жаңа оқу жылына жалпы облыстық бюджеттен әлеуметтік аз қамтылған отбасыдан шыққан 3248 балаға, мұнан бөлек аудан әкімі Нұрбек Бадырақовтың арнайы тапсырмасымен дербес бөлімдер, ауыл әкімшілігі мен кәсіркерлер тарапынан 700 ден астам балаларға мектепке қажетті құрал-жабдықтар мен киім-кешектермен қамтамасыз етілді.
Бұл реткі «Мектепке жол» республикалық жәрмеңкесінің мақсаты оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсету болмақ.
Бүгінгі жәрмеңкеге 100 шақты жеке кәсіпкердің тігін фабрикасының дайын өнімдері, Шымкент қаласының сауда орталықтарынан, сондай-ақ, аудан орталығындағы кәсібін дөңгелетіп отырған кәсіпкерлер күзгі оқу маусымына қажетті құрал-жабдық, мектеп формасы, спорттық киімдермен және т.б. тауарларын 10-15 пайыздық жеңілдікпен ұсынды.
Айта кетерлігі, аталған науқандық акция осы уақыт аралығында ауданымыздың барлық ауыл окургтері мен ауыл, елді мекендерінде жалғасын табуда.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі