Түркістанда құрылыс компаниясының басшыларына ескерту жасалды

0

Түркістан қаласында инфрақұрылым, жол салаларында түрлі жобаларды алған мердігер мекеме басшыларымен жедел жиын өткізілді.

Қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтың тапсырмасына сәйкес, жұмысшы топ құрылыс нысандарын аралап, анықталған кемшіліктерді назарға ұсынды. Жиналыс барысында қала әкімінің орынбасары Байдулла Оразбеков бүгінге дейінгі ескертулердің нәтижесін баяндап, атқарылған жұмыстарға тоқталды.

2021-2022 жылдары қала аумағында қала әкімдігі тарапынан 19 мердігер мекемеге ескерту жолданып, 154 кемшілік қайта қалпына келтірілген. Соттың шешімімен 5 млн. теңгеден астам айыппұл өндіріліп, екі мердігер мекеме жосықсыз деп танылған болатын.

Көтерілген мәселелерді қортындылай келе шаһар басшысы мердігерлерге жұмысты сапалы атқаруды тапсырды.

– Елдің игілігіне сапалы дүние ұсынып, алғыс алуды ойланайық. Бір жұмысшының қателігі мыңның намысын жығады. Осыны да ұмытпаған жөн, – деді Н.Тұрашбеков.

Кемшіліктерді түзетуге мерзім белгіленіп, қадағалаушы мен бақылаушы мамандарға ескертілді. Түркістандағы әрбір құрылыс нысаны қатаң бақылауда болады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ