Түркістан облысында көктемгі су тасқыны қауіп-қатерінің алдын алу шаралары жүргізілуде

0

Бүгінде Түркістан облысы аумағында жалпы 41 су қойма, 12 су торабы, 120 өзен орналасқан. Төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті атқарушы органдар бірлесе отырып су тасқыны қаупінің алдын алу мақсатында бірқатар жұмыстар атқаруда.

Атап айтсақ, облыс әкімімен тамыз-қыркүйек айларында бекітілген «2022-2023 жылғы күз-көктемгі су тасқыны кезеңінде тасқын суларды қауіпсіз өткізу іс-шаралар жоспары» және 33 іс-шарадан тұратын «2022-2023 жылғы қыс-көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындықты жүргізу бойынша атқарылуы тиіс инженерлік іс-шаралар жоспарына» сәйкес тасқын суды қауіпсіз өткізу мақсатында ирригациялық жүйелерді тазалау мен жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, қазіргі таңда өзекті болып тұрған Сырдария өзенінде қалыптасқан жағдай бойынша облыс аумағында су тасқынынан төтенше жағдайды тудырмау мақсатында Сырдария өзені бойында тұрғызылған 97,5 шақырым қорғаныс дамбаларының жағдайы толықтай зерделенген. Сондай-ақ, Сырдария өзенінен болатын қауіптің алдын алу мақсатында Шардара ауданы, Сүткент елдімекені тұсындағы ұзындығы 760 метр, ені 5-6 метр, биіктігі 8 метр болатын қорғаныс дамбасы 154 млн.теңге қаржы бөле отырып күрделі жөндеуден өткізілген.

Ал 2022 жылдың күзінде басталған Сырдария өзенінен бастау алатын каналдардың тоспаларын бекіту, топырақпен нығайту жұмыстарын желтоқсан, қаңтар айларында толығынмен аяқталған. Төтенше жағдай қаупі туындаған кезде Сырдария өзенінің бойындағы елдімекендерде орнатылған «Үлкен су» локалды құлақтандыру жүйесі тексеріліп, дайындыққа келтірілген.

Айта кетсек, Шардара су қоймасының толуы 82%-ды құрап, өткен жылдың көлемімен салыстырғанда 1,5 есеге артық су жиналған. Қазіргі таңда күнделікті су шаруашылығы мекемелерімен бірлесіп су қоймалары мен өзендерге күнделікті мониторинг жүргізілуде. Бүгінде өңірдегі су қоймалардың толуы жалпы 30-35 % ды құрайды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі


ПІКІР ЖАЗУ