Шу ауданында үлкен көлемде қару- жарақ жасырылған орын табылды

0

Жамбыл облысының Шу қаласындағы қараусыз қалған ғимараттың бірінің жертөлесінен үлкен көлемде оқ-дәрілер мен қарулар жасырылған орын табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жедел-іздестіру іс-шараларын Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жүргізді.

Нәтижесінде 9 бірлік қару мен оқ-дәрілер, атап айтқанда 4 бірлік 16 калибрлі «ИЖ-ЗК» маркалы бір оқпанды аңшы мылтығы, 16 калибрлі «ИЖ-17» маркалы бір оқпанды шолақ мылтық, 9 мм калибрлі «Байкал 79-9ТМ» травматикалық тапаншаның 2 бірлігі, тапанша, 5,45 мм калибрлі патрондардың 270 бірлігі, сондай-ақ қаңтар оқиғалары кезінде Полиция департаментінің қоймасынан ұрланған 9 мм калибрлі»ПМ» тапаншасы табылып тәркіленді.

ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция подполковнигі Әлім Бажықбаев қаруға сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалғанын атап өтті. 

Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігі (қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру).бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.


ПІКІР ЖАЗУ