Ұрлық жасамақ болған адамды тұрғындар соққыға жықты

0

Сайрам ауданында тұрғындар ұрлық жасамақ болған азаматты соққыға жыққан. Бұл туралы видео әлеуметтік желіде тарап, қызу талқыға түскен еді.

Онда бірнеше азамат күдіктіні жерге жығып, аяусыз соққының астына алғаны байқалады. Бейнежазбадан жәбірленушінің қатты тепкіден басы жарылып, қолы мен бетінің қан жоса болғаны айқын көрінеді.

Облыстық полиция департаментінің ресми дерегінеше, күдікті мал базарында ұрлық жасамақ болған. Іс теркеуге алынып, қазір төбелеске қатысушылар жайында ақпарат жиналып жатыр.

«Сайрам ауданында мал базарының бірінде төбелес болды. Осыған байланысты жақын маңдағы ПБ-нің қызметкерлері жіберілді. Белгілі болғандай, жәбірленуші ұрлық жасамақ болған. Бірақ ешкім арызданбады. Қазір іс тіркеуге алынып, төбелес ұйымдастырған адамдар анықталып жатыр»,-деді Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнәр Абдужаппарова.


ПІКІР ЖАЗУ