Шымкенттік спортшылар бірінші орынды иеленді

0

«Shymkent Shooting Plaza» ату кешенінде стенд атудан 24-30 шілде аралығында Қазақстан Республикасының VI-жазғы спартакиадасы өтті. Жарысқа еліміздің 6 өңірінен: Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан, Алматы, Қызылорда және Павлодар облыстарынан 100-ден астам спортшы қатысты.

Спортшылар 8 жаттығу бойынша бақ сынады:

  • 4 жаттығу жеке сынақ-дөңгелек стенд, траншеялы стенд, спортинг және дубль-трап;
  • 2 жаттығу командалық сынақ-траншеялық стенд, дөңгелек стенд;
  • 2 аралас жаттығулар — «скит/микс», «трап/микс».

Спартакиадада спортшылар ерлер мен әйелдер санаттарында жарысты.

Барлығы 24 медаль жиынтығы ойнатылды. Шымкент қаласының спортшылары жалпы есепте 16 жүлде алып, бірінші орын иеленді.

Спортшыларымыздың жеткен жетістіктері:

Траншеялы стенд, жекелей сын:

  • Даниил Почивалов
  • Виктор Хасянов
  • Командалық трап жаттығуы:
  • Хасянов Виктор
  • Конченко Богдан
  • Почивалов Даниил
  • Трап жаттығуы, жекелей сын:
  • Мария Дмитриенко
  • Наргиза Сарманова
  • Трап жаттығуы, командалық:
  • Дмитриенко Мария
  • Прилепина Анастаси
  • Почивалова Карина
  • Трап-микст:
  • Хасянов Виктор
  • Дмитриенко Мария
  • Конченко Богдан
  • Прилепина Анастасия

Жеңіске жеткен спортшыларымызды құттықтаймыз!

 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ