Ломбардта өрт шықты

0

Шымкент қаласы ТЖ департаментінің «101» диспетчерлік пультіне 2023 жылғы 3 тамыз сағат 02.06-да Әл-Фараби ауданы Түркістан көшесі бойында өрт орын алғандығы туралы хабаралама келіп түсті.

Аталған мекенжайда 5 қабатты тұрғын үйге жапсарласа соғылған балалар киім дүкенінің көлемі 2 ш.м., «АстроЛомбард» жауапкершілігі шектеулі серіптестігінің көлемі 4 ш.м., «ARTECO» бояу студиясының көлемі 6 ш.м. сыртқы қаптамалары және 2,3,4 қабаттардағы балкондардың көлемі 9 ш.м.сыртқы қаптамалары, бір пәтердің ас бөлмесінің пластик терезесі жанды.

Өрттің жалпы көлемі 21 ш.м. құрады. Өрт сағат 02:27-де оқшауланып, сағат 02:46-да толығымен сөндірілді. Кауіпсіз жерге 9 адам шығарылды. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Өртті сөндіруге Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің 24 қызметкері мен 6 техникасы жұмылдырылды.


ПІКІР ЖАЗУ