Шымкентте мектеп жәрмеңкесі өтеді

0

Шымкент қаласының білім басқармасы мен кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының ұйымдастыруымен *«Мектепке жол» акциясы* өтеді.

Акция аясында *12 және 19 тамыз* күндері ауқымды *мектеп жәрмеңкесі ұйымдастырылады*. Жәрмеңкеде мектепке керек-жарақтар — мектеп формасы, аяқ киім, спорттық киім және сөмкелер, дәптерлер мен қаламсап, тағы да басқа қажетті заттар қолжетімді бағада ұсынылады. «Мектепке жол» акциясы аясындағы жәрмеңкеге 13 отандық өнім шығаратын кәсіпорын қатысады.

Жәрмеңкенің өтетін орны мен уақыты: Қ.Мұңайтпасов атындағы спорт кешені, сағат 09:00-15:00 аралығында.


ПІКІР ЖАЗУ