Тараздағы фосфор зауытындағы жарылыс

0

Жамбыл облысындағы фосфор зауытының әкімшілігі оқиғаның егжей-тегжейін хабарлады, сондай-ақ болған оқиғаның алдын ала себебін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Зауыт әкімшілігінің хабарлауынша, жарылыстың алдын — ала себебі-қауіпсіздік ережелерін сақтамау.

№7 цехтың жүк ілуші Данияр Орманов және № 31 цехтың шикізатты дайындау жөніндегі жетекші инженері Шахадияр Қалдыбай әртүрлі дәрежедегі химиялық күйік алды. Зардап шеккендер №1 қалалық ауруханаға жеткізілді. Жұмыстар тоқтатылды, оқиға орны қоршалды. Қазіргі уақытта мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен комиссия құрылып, тергеу жүргізіліп жатыр. Алдын ала себеп — қауіпсіздік ережелерін сақтамау. Зардап шеккендермен зауыт өкілдері тұрақты байланыста болады, — делінген Қазфосфат таратқан хабарламада.

Қазіргі уақытта Данияр Орманов 22 пайыз күйік шалып реанимацияда жатыр, жағдайы тұрақты. Шахадияр Қалдыбай жалпы палатада жатыр, 15 пайыз күйік шалған, жағдайы қанағаттанарлық.

Зардап шеккен қызметкерлерге қажетті көмек көрсетіліп жатқаны хабарланды.

Еске сала кетсек, Жамбыл фосфор зауытында жарылыс болып, екі жұмысшы зардап шеккенін хабарлаған болатынбыз.


ПІКІР ЖАЗУ