Тұрғын үй: мемлекеттік қызметтер мен мәліметтер ашық жарияланады

0

Шымкент қаласы бойынша биылғы жыл басынан бері арендалық баспанамен қамтылған азаматтар тұрғын үй кезегінен шығарылып, түгендеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда. көпбалалы отбасылар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, халықтың әлеуметтік әлсіз тобы және бюджеттік ұйым қызметкерлері санаты арқылы баспанамен қамтылған азаматтар тізімнен алынып, тұрғын үй кезегі айтарлықтай алға жылжыды.

Сондай-ақ, Шымкент қаласы әкімдігінің тұрғын үй комиссиясының шешімімен арендалық баспанамен қамтылған азаматтар тізімі басқарманың ресми сайтында жарияланған. Ол үшін мына төмендегі сілтемеге өтіңіз: (https://www.gov.kz/…/shymke…/documents/details/502876…)

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сонымен қатар жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдау жөніндегі мемлекеттік қызметі республика бойынша kezekte.kz электрондық порталы арқылы іске асады.

Аталған электрондық порталдың кезектілік серпіні ашық түрде жүргізіледі. Кез келген қызметті алушы кезекте тұрған, тұрғын үймен қамтылған азаматтар туралы мәліметтерді білуге және өз кезегінің жылжу ретін толық көруге мүмкіндігі бар.

Биыл жыл басынан бері түрлі санаттар бойынша кезек реттілігі әр түрлі орналасқан 2700-ден аса азамат кезектен шығарылған. Оның ішінде 168 азамат арендалық бағытта шілде айында тұрғын үй комиссиясының шешімі бойынша тұрғын үймен қамтылғандар. Айта кету керек, кезек реттілігінің тікелей жылжуы арендалық бағытта баспанамен қамтылған азаматтарды кезектен шығару арқылы жүзеге асырылады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ