50-ге жуық қайта өңдеуші кәсіпорын жұмыс істейді
Қала аумағында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін
ұн, макарон, ірімшік, сары май, айран, жұжық, консерв өнімдерін өндіретін кәсіпорындар жұмыс істеуде.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу үлесін арттыру тапсырмасы аясында ағымдағы жылы 3 сүтті қайта өңдеуші кәсіпорын іске қосылды. Қазіргі таңда, «Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп, өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау» бағдарламасы аясында сүтті қайта өңдеп қатты ірімшік пен сары май өндіруші 8 кәсіпорынға мемлекеттік қолдаулар көрсетіліп, жыл сайын қуаттылығы артып келеді.
Жергілікті өндіріс орындарының арасында экспорт бағытында ірі жобаларын ұсынып отырған Базарқақпа елді мекенінде орналасқан сүтті қайта өңдеуші кәсіпорын «BIO Food kz» ЖШС. 2022 жылы негізі қаланып, бүгінде кеңейіп жатқан зауытта 20-дан астам адам тұрақты жұмысшы істейді. Мұнда күніне 25 тоннадан астам сүт қайта өңделіп, қатты ірімшік және сары май өнімі өндірілуде. Өндірілген өнімдер бүгінде қала аумағында және еліміздің өзге де өңірлерінде сатылуда. Алдағы уақытта тауарларды Өзбекстан мен Араб Әмірліктеріне экспорттау жоспарлануда.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі