Бір миллиард теңгеге жарияланған заңсыз мемлекеттік сатып алу конкурсы тоқтатылды

0

Түркістан облысына қарасты Ордабасы ауданының прокуратурасы 1 млрд.теңгеден астам қаржыға заңсыз жарияланған мемлекеттік сатып алу конкурсының күшін жойды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Прокуратура аудан көлемінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталуына талдау жүргізіп, нәтижесінде Ордабасы бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі жылдық жоспарға енгізілмеген нысандарға мемлекеттік сатып алу конкурсын заңсыз жариялағанын анықтаған.

Енгізілген прокурорлық қадағалау актісінің негізінде 1 миллиард теңгеден астам қаржыға заңсыз жарияланған мемлекеттік сатып алу конкурсының күші жойылып, заң бұзушылыққа жолы кесілді. 

Мемлекеттік сатып алу конкурсын ұйымдастырған лауазымды тұлғалар тәртіптік жауаптылыққа тартылып, заңнаманың сақталуы прокуратура органдарының үнемі назарына алынған.


ПІКІР ЖАЗУ