Көлікпен соқтығысқан скутер жүргізушісі ауыр халде ауруханаға түсті

0

Шымкентте скутер жүргізушісі ауыр халде ауруханаға түсті. Жол-көлік оқиғасы 13 тамызда кешкі сағат 7-лер шамасында Тәшенов пен Ілияев көшелерінің қиылысында болған.

Жол апаты кезінде Chevrolet көлігі мен скутер соқтығысқан. Екі көлік құралы да Тәшенов көшесінде бір-біріне қарсы бағытта қозғалып бара жатқан. Жеңіл көлік жүргізушісі Іляев көшесіне қарай бұрылмақ болған.

Ал бұл кезде скутер мінген жүргізуші Желтоқсан көшесінен өтіп тіке келе жатқан. Дәл осы кезде бағдаршам тұсында жол апаты орын алды. Қатты соққыдан скутер жүргізушісі түрлі ауыр жарақаттарымен ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Қазіргі таңда жол-көлік оқиғасының мән-жайын полицейлер анықтауда.


ПІКІР ЖАЗУ