Оңтүстік облыстарда балаларына жылы сөз, қалжың айту көрсеткіші төмен
«Өзіңді тап – өзегіңе орал». Астанада осындай атаумен дәстүрлі жалпыұлттық ата-аналар форумы өтті. Оған әр аймақтан 700-дей ата-ана келген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Сенімен Болашақтың» әр бір мүшесі баланың өздігінен өсіп жетілмейтіндігін жақсы біледі. Облыстық, республикалық деңгейде, қалада немесе алыс шалғайдағы жиындарымыз болсын, тек саналы ата-ана мәдениетін қалыптастыру мен ата-анаға бала тәрбиесінде қолдау көрсетуге негізделеді. Биыл көктем-жаз айларында біз Қазақстанның барлық аймағында ата-аналар мен олардың балаларының қарым-қатынасы, сондай-ақ бірге өткізілетін отбасылық уақыттың сапасы мен сипаты туралы түсінік алу үшін әлеуметтік сауалнама жүргіздік. Бүгін мен сіздермен Қазақстандық ата-ананың бала тәрбиесінің кескініне сәуле шашқан нәтижелермен бөлісетініме қуаныштымын, – дейді «Сенімен Болашақ» РҚБ төрағасы Жансая Бердімұрат.
Оның мәліметінше, әлеуметтік сауалнамаға 33 пен 55 жас аралығындағы 32 755 ата-ана қатысқан. Атап айтсақ, әкелердің үлесі — 37,3%, ал аналар – 62,7% құрайды. Сонымен қатар 24 613 жасөспірім де сауалнамада өз таңдауын жасаған (48,6 % ұл, 51,4 % қыз). Қатысушы ата-аналардың көпшілігі – әйел адамдар, яғни аналар. Сауалнама нәтижесі әйел адамдардың көп екенін байқатады.
Сауалнаманың сипаты ата-ана портретін үш өлшемде зерттеуді қамтиды: саналы ата-ананың тәрбиелік құзыреттілігі, баламен сапалы уақытты өткізу, саналы ұрпақты тәрбиелеу және оның өміріне қызығушылық таныту.
Саналы тәрбие туралы дискурсия салыстырмалы түрде жақында пайда болғанымен, еліміздің ата-аналар қауымы бұдан хабардар. Осы күні қызығушылық артқан. Сауалнама нәтижелері бойынша ата-аналардың 51 %-ы бала тәрбиесіне қатысты түрлі басылымдар мен ақпараттық материалдарды үнемі оқиды. Сондай-ақ баламен дұрыс қарым-қатынас құруда аймақтар арасындағы саралау таңқаларлық солтүстікке қарай неғұрлым оң көрсеткіш болса соғұрлым позитивті. Демек Ақмола, Павлодар, Қостанай, СҚО өңірлерінде ата-аналардың 80 пайызға жуығы баласына жылы сөз айтуды, қалжыңдауды, сүйіп отыруды күнделікті әдетке айналдырған. Оңтүстік облыстарда (Шымкент, Түркестан, Қызылорда, Жамбыл облыстары) бұл көрсеткіш 67 %-дан төмен, – дейді қоғамдық бірлестік басшысы.
Оның айтуынша, ата-аналардың шамамен 79 %-ы кез келген жағдайда барлық істерін тастап, баласына қамқорлық жасауға дайын екен. Сондай-ақ ата-аналардың 76 %-ы аптаның бір күнін үнемі баласымен бірге өткізеді. Алайда тәрбиелік мәні өте маңызды болып саналатын, өткізген күнді қорытындылайтын кешкі әңгімелесу әдеті тек ата-аналардың 60 %-ында ғана байқалып отыр.
Ата-аналардың балалармен сапалы уақыт өткізуіне кедергі болатын белгілі бір себептер бар. Балаларға көбірек уақыт пен күш қалдыру үшін энергияны, уақыт және ресурстарды дұрыс қолдана білу өте маңызды. Баламен сапалы уақыт өткізу сән-салтанат емес, өмір мазмұны болуына басымдық берген абзал.Иә, біз балаға өз уақытын барынша тиімді пайдалануды үйренуге, бала мен қарым-қатынасымыздың тиімділігін арттыруға басымдық беретін және басқа да өмірлік дағдыларды үйретуге көмектесетін сапалы уақытты айтып отырмыз, – дейді Жансая Бердімұрат.
Сауалнама қорытындысы бойынша ата-аналардың жартысына жуығы демалыс күндерде туыстардың үйіне баруды қалап тұрады екен. Ал 30 %-ында демалыс күндерді бірге өткізу тәсілі шопинг пен саябақты аралау көрінеді. Тек 12 %-ы мәдени іс-шараларға яғни кинотеатрға, концерттерге және театр қойылымдарына барады. Баланы еңбекке тәрбиелеумен ата-аналардың 86 %-ға жуығы айналысады, оның 60%-ы еңбек баланың міндеті деп санаса, тек 26 %-ы еңбек тәрбиесіне саналы түрде қарайды.
Сондай-ақ ол зияткерлік мәселелерді шешуде ата-ананың қолдауы маңызды екенін айтып өтті.Ата-аналардың шамамен 55%-ы кейде үй тапсырмасын бірге орындауға қатысады, ал респонденттердің 23%-ы бірге орындайтынын атап өтті. Сондай-ақ ата-аналардың шамамен 21 %-ы бұл процеске мүлде қытыспайтынын көрсетіп отыр. Яғни олар баланың үй тапсырмасына қанша уақыт жұмсайтынын немесе оның орындалуында қадағалаймайды екен.
Бірінші тарапта ата-ана баланың оқу-тәрбиелік міндеттерін орындауға қатысуы баланың эмоционалдық жағдайына оң әсер етеді. Стресс пен алаңдаушылық деңгейін төмендетеді. Екінші тарапта біз балаға қажетті өмірлік дағдыларды дамытуға және меңгеруге кедергі жасай отырып, оған зиян келтіруіміз мүмкін болатынына келісіңіз. Сауалнама нәтижелері ата-аналарға балаға үй тапсырмасын орындауға көмектесу процесін дұрыс құру туралы көбірек дағдылар мен лайфхактар беруіміз керек екендігін көрсетті, – дейді қоғамдық бірлестік басшысы
Бірлестік төрағасы саналы ата-ана баласын өмірге бейімдеу, оның өміріне мазмұнды араласу арқылы саналы тұлғаны тәрбиелей алады деп санайды.
Бұл баланы отбасындағы пікіралмасуға тарту, оның жеке басына құрметпен қарау, бақылау емес, оның өміріндегі оқиғаларды білу, қорқытпау, дұрыс моралдық принцептерді таңдаудың маңыздылығы туралы кеңес беру. Зеріттеулерге сәкес, ата-аналардың 84%-ы жасына қарамастан балалармен кеңеседі, ата-аналардың 51%-ы таңдаулы отбасылық мәселелерде талқылауға балаларын кірістіреді, ал ата-аналардың тек 30%-ы міндетті түрде мәселені ортақ талқылайды екен. Баланы тәрбиелей отырып, ата-ана өзін тәрбиелейді. Сауалға қатысушылардың жартысы өз баласының сынына ашық екенін атап өтті, бірақ ата-аналардың үштен бірі олардың әрекеттерімен шешімдеріне қатысты ешқандай сынды қабылдамайды. Ата-аналардың барлығы өз балаларының достарын жеке таниды және біледі, өкінішке қарай, баланы бірлесе отырып тәрбиелеу біздің елімізде әлі дұрыс дағдыланбаған. Бірлескен ата-аналар тәрбиесі деп біз балаларымыздың достарымен қоса ұйымдастырылған іс-шараларды айтамыз, – деп түсіндірді Жансая Бердімұрат..
Оның мәліметінше, қазақстандық бала бос уақытында үй шаруасына көбірек араласады, достарымен серуендейді немесе спортпен айналысады, интернетте көп отырады, теледидарды көп көреді және кітапты аз оқиды. Айта кету керек, бұл қазірдің өзінде әлемдік тренд, әлеуметтік желілер физикалық дамыған дененің маңыздылығын көрсете отырып, қазіргі заманғы балалар арасында спорттың өсіп жетілуі мен танымалдылығына әсер етті. Балалардың көпшілігі, яғни 82 %-ы мұғалімдермен жақсы қарым-қатынаста болса да, әлі де қорқыту мәселелері еш жерде жойылмағаны байғалады. Ата-аналардың жауаптары мен дәлелдері ата-ана-бала-мектеп үштік одағы сенімінің төмен деңгейін көрсетті. Баланың мектеп өмірі көлеңкеде қалып отыр.
Біріншіден, сауалнама бала тәрбиесінің көптеген салаларында бейсаналық қабілетсіздікті растады. Ата-аналарға қолдау, ақпарат, дағдылар мен білім қажет. Екіншіден, бұл менің командам үшін өте маңызды, зерттеу нәтижелері бізге өңірлер мен мәселелер бойынша сараланған қажетті іс-шаралар картасын қалыптастырды, — дейді ол.