972 млн теңгенің тапсырысын рұқсаты жоқ адамға алып берген

0

Ақтөбе облысы Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшылығы мемлекеттік қызметке кір келтiргені үшін жазаланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Ақтөбе қаласы халықаралық әуежайы үшін 972 млн теңгеге реактивті жанармайды мемлекеттік сатып алуда жеңімпазды анықтау кезінде заңсыз артықшылық көрсетілген.

Негізгі құжат бойынша комиссия мүшелері осындай қызметпен айналысу үшін Энергетика министрлігінің «рұқсаты» бар әлеуетті өнім берушілерді айқындауға тиіс болған. Оған қарамастан, конкурстық комиссия тиісті рұқсаты болмаған қатысушының өтінімін жеңімпаз деп таныды, — дейді ведомство.

Прокуратура шешім қабылдау кезінде құқыққа қайшы әрекеттерді анықтады.

Комиссия мүшелерінің мұндай қадамы мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылық деп танылды. Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшылығына және комиссияның басқа да мүшелеріне «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі жаза қолданылды — дейді Бас прокуратура.


ПІКІР ЖАЗУ