Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында үлкен жол апаты болды

0

Алматыда әл-Фараби даңғылы бойында ірі жол апаты болды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Алматыда әл-Фараби даңғылы бойында жүк көлігі қатты жылдамдықпен бірнеше көлікті соқты. Оқиға орнында түсірілген видеолар әлеуметтік желіге шықты.

«Әл-Фарабидің бойында ірі жол апаты көлік қозғалысын баяулатты, оқиғаның мән-жайы анықталуда», — делінген видеодағы жазбада.

Куәгерлердің айтуынша, жиектастарды тиеген жүк көлігінің тежегіші істен шығып, жолдың қарама-қарсы бетіне шығып кеткен.

Алматы полициясы аталған жол апатына қатысты түсінік берді.

«Сағат 15:05-де Mercedes автокөлігінің жүргізушісі Жамақаев көшесі бойымен солтүстік бағытта келе жатып, әл-Фараби даңғылының қиылысында бөлгіш қоршауға соғылып, тура жүріп кетіп, даңғылдың бойымен батысқа қарай келе жатқан үш көлікпен соқтығысқан. Ары қарай жүк көлігі жолдың жиегіне шығып кеткен. Жол апаты салдарынан жүк көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы зардап шекті», — делінеді қалалық полиция департаменітнің хабарламасында.


ПІКІР ЖАЗУ