МузАРТ тобының экс-мүшесі Мақсат Базарбай жазба бөлісті

0

МузАРТ тобының экс-мүшесі Мақсат Базарбай достық туралы жазба жариялады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сахнадан жиі көрінбесе де, әлеуметтік желіде белсенді Мақсат Базарбаев соңғы кездері достарының азайып бара жатқанын жеткізді. 

«Менің де достарым азайып барады. Ненің белгісі екен? Кейде ойланып кетемін де, қорқамын. Жалғыздық тек Аллаға жарасар. Ең бастысы, қызғаныш екен, сосын бәсекелесу. Менің айтайын дегенім, (ата-анамды, бауырларымды, елді сағындым) үйге қайтайын дегенім», — деп жазды Мақсат Базарбаев.

Желі қолданушылары да әншінің бұл сөзімен келісіп, уақыт өте достардың азаюы заңдылық екенін айтты.

«Достық дегеннің құндылығы қалмады ғой», «Қалтаңда ақшаң, дәрежең болса достарың көп», «Егер ештеңең болмаса, дос түгілі туысың жоқ», «Достарың азаяды, жаныңда жанашырың, сырласың, әйелің қалады», — деп жазды олар.


ПІКІР ЖАЗУ