Жамбыл облысының полицейлері тұрғынның ауласынан 62 келі қарасора тапты

0

Жамбыл облысының полицейлері тұрғынның ауласынан 62 келі қарасора тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеем жасап.

«Қарасора – 2023» жедел-профилактикалық іс-шарасының аясында Жамбыл облысының полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Қордай ауданы полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, кезекті рет құрамында есірткі бар өсімдікті өсіру дерегін анықтады.

Қордай ауылында 51 жастағы азаматтың тұрғылықты жеріндегі үйді тінту барысында бақта өсірілген есірткі бұталары табылды. Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған бұталар құрамында есірткі заты бар жалпы салмағы 62 келіден астам қарасора өсімдігіне екені расталды. 

Ұсталған азамат кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Бұл баптың санкциясы үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді, – деді Жамбыл облысының ПД ЕҚҚІБ бастығы Әлім Бажықбаев.


ПІКІР ЖАЗУ