Тәжікстан кәсіпкерлері жәрмеңкеде 300 тоннадан астам өнім ұсынды

0

Тәжікстан Республикасының мәдениет күндері аясындағы көрші ел кәсіпкерлерінің ауыл шаруашылығы өнімдері мен өнеркәсіп тауарларының жәрмеңкесі

Қажымұқан стадионында жалғасуда. Жәрмеңкеде анар, алмұрт, алма, кептірілген жемістер, бақша өнімдері сатылуда. Сондай-ақ қала халқына қауын, қарбыз,асқабақ, бал өнімдері ұсынылуда.

Сусындар мен шырындар, консервіленген жемістер мен көкөністер, кондитерлік өнімдерге де сұраныс зор.

Тұрғындар орталық стадионға көптеп жиналып, Тәжікстанның ұлттық тағамдарымен танысып, дәм татып, тәжік халқының өнерпаздарының концерттік бағдарламасын тамашалады.

 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ