Тоқаев қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайды реттеуді тапсырды
![](https://dalatimes.kz/wp-content/uploads/2023/08/20211230090700-4794-905x613.jpg)
Мемлекет басшысы Үкіметке қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайды екі ел арасында қалыптасқан серіктестік және бауырластық қарым-қатынас аясында реттеуді тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы тауарларды шекара арқылы заңсыз тасымалдауға жол бермеу үшін цифрландыру мен автоматтандыруды неғұрлым белсенді енгізу мәселесі бойынша қырғыз тарапымен келіссөздерді жалғастыру қажет екені атап өтілді.