Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтің мерекелік құттықтауы

0
  • Құрметті ұстаздар, студент жастар мен оқушылар!
  • Сіздерді ең шуқаты мереке — Білім күнімен құттықтаймын!
  • Еліміздің бүгінгідей бейбіт заманда, өркениет кеңістігінде өмір сүріп жатқаны, болашаққа маңызды стратегиялық жоспарлар бекітіп, осы бағытта кешенді шараларды жүзеге асырып отырғаны — білімнің жемісі.
  • Ел ертеңі- жастарға үлкен үміт артып отырған Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев атап өткендей, цифрлық дәуірдегі жаңа білім мен дағдылар жаңа буынның болашақ табысының кілті болып табылады.
  • Сондықтан да жас ұрпақтың сапалы білім, саналы тәрбие алуына барынша қолдау білдіріп, жағдай жасау — біздің міндетіміз.
  • Жаңа оқу жылында қаламызда жаңа мектептер мен қолданыстағы білім нысандарына қосымша ғимараттар салудың нәтижесінде
  • үш ауысымды мектеп мәселесі шешімін тапты.
  • Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес
  • қаламызда 2023-2025 жылдар аралығында «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында 25 мектептің құрылысы жүргізіледі.
  • Мұның барлығы да жас буының заман талабына сай білім алуы мақсатында жасалып отырған игілікті шаралар!
  • Жаңа оқу жылында зейіндеріңіз ашылып, білім-біліктіліктеріңіз арта берсін!
  • Бүгінгі Білім күні — жаңа белестердің бастауы болсын!

ПІКІР ЖАЗУ